Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнерРуханият

Алмас Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке – жыр-дастан» концерті өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымында белгілі жырау, фольклор зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алмас Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке – жыр-дастан» концерті өтті.

Кеш барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның құттықтау хаты оқылды. Құттықтауда Алмас Алматовтың ұлттық мәдениетті дамытуға, қазақтың эпикалық мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеуге және жыраулық дәстүрді кейінгі буынға жеткізуге қосқан үлесі атап өтілді.

«Сіздің ұлттық өнерді дәріптеп, жыр-терме дәстүрін жаңғырту жолындағы еңбегіңіз елеулі. Қазақ жыраулық дәстүрін әлемге танытып, ұлттық өнеріміздің мәдени мұра кеңістігінде лайықты орын алуына зор ықпал етіп жүрсіз», – делінген құттықтау хатта.

Алмас Алматовтың есімі дәстүрлі өнердің орындаушысы әрі зерттеушісі ретінде кеңінен танымал. Ол әр жылдары Франция, Италия, Швейцария, Ресей, Өзбекстан және Моңғолия сахналарында қазақтың рухани мұрасын таныстырып, халықаралық фольклорлық гастрольдер мен Азия халықтарының музыкалық симпозиумдарына қатысқан.

Мерейтойлық кеште жыр-дастандар мен терме-толғаулар орындалды. Кеш барысында ұрпақтар сабақтастығына айрықша мән берілді. Алмас Алматов сахнада «Жыр бастау» шығармасын көрерменге тарту етсе, жыршының шәкірттері де өз өнерлерін ортаға салып, жыраулық дәстүрді жалғай түсті.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash

XIX Азиада: Қазақстан қоржынына сегізінші жүлде түсті

admin_altyalash

Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы көкбөріні емес, көкпарды таңдады – Елемес Әлімханов

admin_altyalash