Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

«Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылыс барысы тексерілді

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов сапаның барлық талаптарын сақтай отырып, объектінің құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз ету жөнінде нақты міндет қойды.

Бүгін Абай облысына жұмыс сапары аясында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов ұзындығы 303 км болатын «Бақты – Аягөз» теміржол желісінің құрылысын тексерді. Бүгінгі таңда жұмыстарға 550 бірлік арнайы техника мен 814 маман жұмылдырылған. 4 вахталық қалашық (Ай, Шолпан, Үржар, Бақты) салынды. Ағымдағы айдың қорытындысы бойынша 34,8 млн м³ (12%) жер жұмыстарының 4,1 млн м³ орындалды.

Талғат Алдыбергенов объектідегі өндірістік қуатты одан әрі арттыруды, жұмыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Мердігер ұйымның белгіленген мерзімдерді сөзсіз сақтау қажеттілігі көрсетілген.

Бас мердігер China Harbor Engineering Company LTD жұмыстың белгіленген мерзімде толық көлемде орындалуын қамтамасыз етуге дайын екенін растады.

Естеріңізге сала кетейік, «Бақты – Аягөз» жаңа теміржол желісінің құрылысы елдің көлік-транзиттік әлеуетін арттыруға, Қазақстан мен Қытай арасындағы өткізу қабілетін бірнеше есе өсіруге, сондай -ақ Бақты – Чугучак (Тачэн) үшінші шекара өткелін ашуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Александр Вучич қазақстандық арнайы жасақ сарбаздарының жетістіктеріне тәнті болды

admin_altyalash

«Наурызнама»: Астанада ұлттық ойындар көрсетіледі

admin_altyalash

Депутат ішкі туризм туралы: Жолдар жұпыны, сервистік қызмет жоқ

admin_altyalash