Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарСпорт

ШҚО-ның «Титан» командасы хоккейден республикалық турнирдің үш дүркін чемпионы атанды

Өскеменде ҚР Ішкі істер министрінің кубогына арналған ішкі істер органдары бөлімшелері арасындағы республикалық хоккей турнирі өз мәресіне жетті. Биыл спорттық іс-шара алғаш рет жаңадан құрылған ҚР ІІМ «ARLAN» спорт клубының қолдауымен өтті.

ШҚО Полиция департаментінің «Титан» командасы өздерінің көшбасшылығын тағы да паш етіп, қатарынан үшінші жыл чемпиондық атақты жеңіп алды.

Турнир қорытындысы 1 орынды «Титан» командасы (ШҚО ПД) иеленсе, 2 орынға «Достар» командасы (СҚО ПД) лайық деп танылды. Ал жүлделі 3 орынды «Жігіттер» командасы (Қарағанды облысы ПД) жеңіп алды.

Сондай-ақ ШҚО Полиция департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы полковник Болат Нұрсейітов спортшыларды құттықтап, ризашылығын білдірді.

Турнир қорытындысы бойынша жекелеген номинациялар бойынша да үздіктер анықталды. Атап айтқанда, «Үздік ойыншы» – Георгий Обухов («Титан» командасы, ШҚО); «Үздік шабуылшы» – Серік Шидеринов («Титан» командасы, ШҚО); «Үздік қорғаушы» – Марат Нажмиденов (ҚР ІІМ Күзет қызметін бақылау комитетінің командасы). Турнирге қатысқан жалғыз нәзікжанды – Қостанай облысынан келген «Тобыл» командасының ойыншысы Мадина Тәжібаева арнайы сыйлықпен марапатталды.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады

admin_altyalash

Қазақ көкпаршылары өзбек қарсыластарын 16:0 есебімен жеңді

admin_altyalash

Тұрақты интернет – бүгінде игіліктен бөлек,  халықтың күнделікті өмірі мен заманауи экономиканың маңызды қажеттілігіне айналды

admin_altyalash