Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Израиль Президенті Ицхак Герцог шағын құрамда келіссөз жүргізді

Ақорда
Ақордада елімізге ресми сапармен келген Израиль Президенті Ицхак Герцогты салтанатты қарсы алу рәсім өтті.
Президенттер бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Содан соң мемлекеттер басшылары шағын құрамда келіссөз өтетін залға барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ицхак Герцогпен еліміздің төрінде жүздескеніне қуанышты екенін айтты.

– Ең әуелі, екі ел арасындағы қарым-қатынастың іргесін қалауға Сіздің әкеңіз, Израиль Мемлекетінің бұрынғы Президенті Хаим Герцогтың ерекше еңбек сіңіргенін атап өткім келеді. 1992 жылдан бері қос халық ортасында тығыз достық байланыс орнады. Өзара ынтымақтастықта, әсіресе, экономика және саяси бағыттарда елеулі табысқа қол жеткіздік. Еліміз Ибраһим келісімдеріне қосылу туралы шешім қабылдады. Бұл қадам Таяу Шығыс елдері мен Израиль арасындағы қарым-қатынастың қалпына келуіне Қазақстанның да үлес қосуға дайын екенін көрсетеді. Бүгін біз өзара экономикалық байланыстарымызға қатысты көптеген мәселені талқылаймыз. Өйткені екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті зор. Бұл мүмкіндікті мейлінше пайдалану керек, – деді Мемлекет басшысы.

Израиль Президенті 1993 жылы Қазақстанға сапар жасаған әкесі Хаим Герцогтың ізін жалғап Ақордаға келгені үшін қуанышты екенін жеткізді.

– Қазақстанға үнемі келгім келетін еді. Мұны шын жүректен айтып отырмын. Өйткені қазақ жерінің көркем табиғаты мен қазақ халқының керемет мәдениеті туралы көп естідім. Менімен бірге өзара серіктестігімізге, әсіресе, жоғары технологиялар саласындағы ықпалдастыққа тың серпін беретін сарапшылар келді. Әлем жаңа дәуірге қадам басқан кезеңде елдеріміз арасындағы ынтымақтастықтың әлеуеті орасан зор, – деді Ицхак Герцог.

Сонымен қатар Израиль Президенті Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне қосылу және Бейбітшілік кеңесінің жұмысына атсалысу туралы шешімін қолдады.

Ұқсас жаңалықтар

СЫР ӨҢІРІНДЕ АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА 51 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

admin_altyalash

Семейге 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады

admin_altyalash

Туризм және спорт министрлігінде жалпыұлттық коалиция өкілдерімен кездесу өтті

admin_altyalash