Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысуға болатын ең төменгі жас мөлшері

Бүгінде елімізде 4 пен 17 жас аралығындағы 5,1 миллионнан астам бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады. Жарыстар – спорттық дайындықтың бір бөлігі ретінде белгілі бір физикалық және эмоциялық жүктемелермен байланысты.

Осыған орай, былтырғы шілде айында министрлік жарыстарға қатысу үшін ең төменгі жас шегін белгіледі. Бұл, ең алдымен, балалардың денсаулығын қорғауға және ерте жаста жарақат алу қаупін азайтуға бағытталған.

Жас шектеулері спорт федерацияларының ұсыныстары негізінде белгіленіп, Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген және халықаралық стандарттарға сәйкес келеді. Бұл талаптар тек жарыстарға қатысуға қатысты. Ал балаларды спорт мектептеріне, үйірмелерге және спорт резервін даярлайтын өзге де мекемелерге қабылдауға ешқандай шектеу қойылмайды.

Жас ерекшеліктеріне байланысты қойылған шектеулер жөніндегі толық ақпарат жоғарыдағы кестеде көрсетілген.

Ұқсас жаңалықтар

Деректер базасынан азаматтардың дербес мәліметтерінің таралып кеткені үшін жазаны қатаңдату керек

admin_altyalash

Бүгін – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алатын күн

admin_altyalash

Си Цзиньпин қазақ балаларын Қытайға оқуға шақырды

admin_altyalash