Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениетӨнерРуханият

Алматыда Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдығына арналған көрме өтті

Алматыдағы Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінде кәсіби қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, көрнекті актер Серәлі Қожамқұловтың 130 жылдық мерейтойына арналған іс-шара өтті.

Жиынға зиялы қауым өкілдері, архив және театр саласының мамандары, өнер иесінің туыстары, сондай-ақ оның ізбасарлары мен әріптестері қатысты.

Іс-шара барысында актердің архивтік фотосуреттері қойылған көрме көпшілікке таныстырылды.

Сондай-ақ, жиында 1972 жылы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген «Сераға» деректі фильмі көрсетілді. Фильмде актердің өз дауысымен айтқан естеліктері, ой-толғамдары, 1929 жылы Қызылордада алғашқы қазақ театрының ашылуы және «Еңлік-Кебек» спектакліндегі тұңғыш рөл сомдаған сәті қамтылған.

Айта кетейік, Орталық мемлекеттік кино-фотоқұжаттар мен дыбыс жазбалары архивінің қорында Серәлі Қожамқұловтың өмірі мен шығармашылығына қатысты 100-ге жуық кино, фото және аудио құжат сақталған.

Ұқсас жаңалықтар

Jibek Joly туристік пойызы Түркістанға келді

admin_altyalash

Астронавттар кемеден ақау шығып, ғарышта қалып қойды

admin_altyalash

Ішкі істер органдарының кейбір қызметкерлері кезектен тыс аттестациядан өтеді

admin_altyalash