Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдады

Үкімет
Қасым-Жомарт Тоқаевқа өнеркәсіпті дамыту және ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелері жөнінде баяндалды.
Президентке өңдеу өнеркәсібінде жүргізіліп жатқан негізгі жұмыстар туралы ақпарат берілді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспарына тоқталды.Сонымен қатар Мемлекет басшысына көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамыту жайында айтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инфрақұрылымдық жобалардың сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді, отандық тауар өндірушілерді қолдауды және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Архаикасыз, инновациялық форматта – Аида Балаева Шымкент қаласының туристік әлеуетін дамыту туралы

admin_altyalash

Қазақстанда отандық ғалымдардың әзірлемелері негізінде жаңа зауыт іске қосылды

admin_altyalash

Біз биыл жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық — Президент

admin_altyalash