Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЗаң мен тәртіпҚоғам

Түркістан төріндегі тарихи саммит қауіпсіз өтуде

Түркістан қаласында өтіп жатқан Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті барысында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік толық қамтамасыз етілген.

Ауқымды халықаралық іс-шараға дайындық кезеңінен бастап полиция қызметкерлері күшейтілген режимде қызмет атқаруда.

Халықаралық маңызы бар іс-шараға Қазақстан, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінің Президенттері мен ресми делегациялары қатысты. Сондай-ақ бірқатар халықаралық ұйымдардың өкілдері арнайы келді.

Саммиттің басты тақырыбы – жасанды интеллект және цифрлық даму.

Саммит аясында құқық қорғау органдары, күштік құрылымдар мен өзге де жауапты қызметтердің өзара үйлесімді жұмысының нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзу деректері тіркелген жоқ.

Делегациялар жүретін бағыттар, қонақтар орналасқан нысандар мен көпшілік жиналатын орындар толық бақылауға алынған.

Полиция қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және тұрғындардың тыныштығын қорғау бағытында кешенді шаралар жүргізуде.

Полиция өңір тұрғындарына түсіністік танытып, қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Астанада «Zhas Alem» балалар мен жастардың шығармашылық фестивалі өтеді

admin_altyalash

Қызылорда қаласында Қазақстан-CNPC II техникалық семинары жұмысын бастады

admin_altyalash

Олжас Бектенов Шымкентте ауыл шаруашылығы, тамақ және фармацевтика өнеркәсібінің дамуымен танысты

admin_altyalash