Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтарСпорт

СЫР ҰСТАЗДАРЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Қызылорда облысының ұстаздар құрамасы Алматы қаласында өткен республикалық VI мұғалімдер спартакиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте ІІ орынға ие болды.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі спорт додасы ұстаздардың кәсіби біліктілігімен қатар, спорттық шеберлігі мен командалық бірлігін саралаған маңызды алаңға айналды. Жарыс бағдарламасына бес асық, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, баскетбол және асық ату енгізіліп, қатысушылар жеті спорт бағыты бойынша бақ сынады.

Байрақты бәсекеде Сыр өңірінің ұстаздары ұйымшылдық пен табандылықтың үлгісін көрсетіп, лайықты өнер көрсетті. Бұл нәтиже – педагогтердің жүйелі дайындығының, салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысының және ортақ мақсат жолындағы бірлігінің жемісі.

Айта кетейік, Қызылорда облысының ұстаздар құрамасы спартакиадаға қатысқан алты жыл ішінде үздік үштіктен көрініп келеді. Бұл – өңір педагогтерінің тұрақты жетістігі мен спорттық әлеуетінің айқын көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл спорт түрі еліміздегі жетекші бағыттардың біріне айналып отыр

admin_altyalash

Кәсіпкерлік гранты бойынша 110-нан астам жоба мақұлданды

admin_altyalash

Елімізде 20-30 жастағы қыз-келіншектер жатыр мойны обырына жиі шалдыға бастады — онколог

admin_altyalash