Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтарСпорт

СЫР ҰСТАЗДАРЫ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СПАРТАКИАДАНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

Қызылорда облысының ұстаздар құрамасы Алматы қаласында өткен республикалық VI мұғалімдер спартакиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте ІІ орынға ие болды.

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі спорт додасы ұстаздардың кәсіби біліктілігімен қатар, спорттық шеберлігі мен командалық бірлігін саралаған маңызды алаңға айналды. Жарыс бағдарламасына бес асық, волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, баскетбол және асық ату енгізіліп, қатысушылар жеті спорт бағыты бойынша бақ сынады.

Байрақты бәсекеде Сыр өңірінің ұстаздары ұйымшылдық пен табандылықтың үлгісін көрсетіп, лайықты өнер көрсетті. Бұл нәтиже – педагогтердің жүйелі дайындығының, салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысының және ортақ мақсат жолындағы бірлігінің жемісі.

Айта кетейік, Қызылорда облысының ұстаздар құрамасы спартакиадаға қатысқан алты жыл ішінде үздік үштіктен көрініп келеді. Бұл – өңір педагогтерінің тұрақты жетістігі мен спорттық әлеуетінің айқын көрінісі.

Ұқсас жаңалықтар

Ауызашар берудің сауабы қандай?

admin_altyalash

Шавкат Аюпов – это общее наследие народов Евразии

admin_altyalash

Төл ойынымыз тоғызқұмалақты әлемнің 50-ден астам елі ойнайды – Мақсат Шотаев

admin_altyalash