Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтарМәдениет

Ұлытау облысында 39 мыңнан астам оқушы қосымша білім алады

Ұлытау облысында 39 216 оқушы қосымша біліммен қамтылған. Бұл өңірдегі оқушылардың жалпы санының 73,6 пайызын құрайды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Қазіргі таңда облыста 10 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді. Оларда 8 415 оқушы білім алса, мектептер жанындағы үйірмелер мен спорт секцияларына 30 801 оқушы қатысады.

Өңірде балалардың қызығушылығы мен қабілетіне қарай шығармашылық, музыка, бейнелеу өнері, спорт және танымдық бағыттар бойынша түрлі үйірме мен секциялар ұйымдастырылған. Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне, қабілеттерін шыңдап, жаңа дағдыларды меңгеруіне мүмкіндік береді.

Қосымша білім беру жұмыстары «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарымен, «Таза Қазақстан» бастамасымен және «Заң мен тәртіп» қағидатымен ұштастырыла жүргізілуде.

Атап айтқанда, спорттық жарыстар, шығармашылық байқаулар мен танымдық іс-шаралар арқылы оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік және өзара құрмет сияқты құндылықтарды қалыптастыруға басымдық берілген. Сонымен қатар балаларды қоршаған ортаны қорғауға, тазалық сақтауға және қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу жұмыстары жүргізіледі.

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, алдағы уақытта да балаларды қосымша біліммен қамту аясын кеңейтуге, үйірмелер мен секциялардың қолжетімділігін арттыруға және олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға көңіл бөлінеді.

Ата-аналар балаларының қызығушылығына сәйкес үйірмелер мен секцияларға жазылу тәртібі және қатысу шарттары туралы толық ақпаратты тұрғылықты жеріндегі қосымша білім беру ұйымдарынан немесе мектептерден ала алады.

Ұқсас жаңалықтар

ШҚО-дағы Маралды ауылының көшелеріне асфальт төселіп жатыр

admin_altyalash

ЖИ ұстаз жұмысына қолдау көрсетеді

admin_altyalash

Маңғыстауда Орталық Азиядағы алғашқы теңіз аквашаруашылық жобасы басталды

admin_altyalash