Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Үстел теннисінен Қазақстан кубогы: астаналық спортшылар күміс жүлдеге ие болды

Үстел теннисінен Қазақстан Республикасының кубогы Өскемен қаласында өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Республикалық додаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Абай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар және Түркістан облыстарының ерлер және әйелдер құрамалары қатысты.

Ел кубогы жолындағы бәсекеде Астана қаласының ерлер құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық жарыста күміс жүлдеге ие болды.

Елорда құрамасының сапында Сағантай Құрмамбаев, Тимофей Герасименко, Александр Герасименко, Ермек Бекназаров өнер көрсетті.

Осылайша, елордалық үстел теннисшілері республикалық додада табысты өнер көрсетіп, Қазақстан кубогының күміс жүлдегері атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Тomiris әйелдер құрамасы жоғары деңгейде өнер көрсетті

admin_altyalash

Высокая явка и активность молодежи стали ключевой особенностью референдума – Аргын Темиржанов

admin_altyalash

Отбасы – кез келген мемлекеттің тірегі, ұрпақ тәрбиесінің негізі

admin_altyalash