Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарДенсаулықЖаңалықтар

Қазақстанда 360 мыңнан астам қыз бала адам папиломасы вирусына вакцина алды

Қазақстанда адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 360 мыңнан астам қыз бала алды. 2026 жылы мемлекеттік иммундау бағдарламасы 14–17 жас аралығындағы қыздарды да қамту арқылы кеңейтілді.

2024 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы 12 қазанды қоса алғанда 11–13 жас аралығындағы 301,7 мыңнан астам қыз бала вакцинаның бірінші дозасын, ал 196,6 мыңы екінші дозасын алды.

2026 жылғы мамырдан бастап бағдарламаға 14–17 жас аралығындағы қыздар да қосылды. Бұл жас тобында шамамен 58,6 мың қыз бала вакцинаның бірінші дозасын, 19,1 мыңы екінші дозасын алды.

Вакцинациялау ата-аналардың немесе заңды өкілдердің келісімімен, ерікті негізде және мемлекет есебінен жүргізіледі.

АПВ-ға қарсы егу жатыр мойны обыры жағдайларының басым бөлігін тудыратын вирустың ең қауіпті типтерінен қорғайды және болашақта аурудың даму қаупін айтарлықтай төмендетуге көмектеседі.

Мониторингтің деректері бойынша егілген қыз балалардың арасында иммундаудан кейін қолайсыз көріністер тіркелмеген.

Бағдарламаның кеңеюі Қазақстандағы көбірек отбасына заманауи профилактикалық шаралардың қолжетімді болуына мүмкіндік береді.

Қосымша ақпаратты тіркелген жері бойынша емханадан алуға болады.

Ұқсас жаңалықтар

Бұл – тілді түсінетін, оны дұрыс қолдана алатын интеллектуалды платформа

admin_altyalash

Астанада Конституция күніне орай бұқаралық жүгіру іс-шарасы өтеді

admin_altyalash

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты

admin_altyalash