Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарЭкономика

Ұлытау облысында «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының жаңартылған бөлігі пайдалануға берілді

Ұлытау облысында республикалық маңызы бар «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының 109 шақырымдық бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жолдың 143-252 шақырым аралығындағы жөндеуден өткен учаскесі толықтай көлік қозғалысына ашылды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Жезқазған қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі республикалық маңызы бар автомобиль жолының жалпы ұзындығы 238 шақырымды құрайды. Жөндеу жұмыстары Ұлытау елдімекенінен көршілес облыстың шекарасына дейінгі жол бөлігін қамтыды.

Жобаны жүзеге асыру үшін жол жеті учаскеге бөлінді. Жүргізілген жұмыстар аясында 17 су өткізу құбыры орнатылып, жаңартылды. Сондай-ақ Балға көпірінде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Автомобиль жолын жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылды. 2025 жылдың қараша айында жолдың 193-208 шақырым аралығындағы 15 шақырымдық бөлігі пайдалануға берілген болатын. Қазіргі уақытта қалған учаскелердегі жұмыстар да толық аяқталып, 109 шақырымдық жол бөлігінде көлік қозғалысы ашылды.

Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылауға ерекше назар аударылды. Ұлттық сапа орталығының мамандары құрылыс материалдарынан сынамалар алып, атқарылған жұмыстардың белгіленген нормативтік талаптарға сәйкестігін тексеру мақсатында зертханалық зерттеулер жүргізді. Сонымен қатар мердігер ұйымдар үш жылға дейінгі мерзімге кепілдік міндеттемелерін қарастырған.

Жобаның жүзеге асырылуы өңірдегі маңызды көлік бағыттарының бірінің техникалық жағдайын жақсартуға, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және жүргізушілер мен жолаушылар үшін қолайлы қатынас жағдайын жасауға мүмкіндік берді.

Ұқсас жаңалықтар

«SARAP» отырысында жаңа Конституция жобасындағы әлеуметтік кепілдіктер мәселесі талқыланды

admin_altyalash

Президент Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады

admin_altyalash

Unico Play-дің Shabyt Lab-ы —ментор қатысатын еліміздегі тұңғыш сценарийлер питчингі

admin_altyalash