Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыЖаңалықтарКәсіпҚоғам

«Ауыл аманаты» бағдарламасымен кәсіп ашты

«Ауыл аманаты» жобасы аясында Шалқар қаласының тұрғыны Махаббат Кужахметова 9,2 млн теңге жеңілдетілген несие алып, жолдасымен бірге автокөлікке техникалық қызмет көрсету орталығын ашты.

Қазіргі таңда орталықта автокөліктерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстары жүргізіледі.

Атап айтқанда, көліктің жүріс бөлігі мен қозғалтқышын жөндеу, компьютерлік диагностика жасау, май ауыстыру, дәнекерлеу, тежегіш дискілерін тегістеу, кондиционерге сұйықтық құю және басқа да қызмет түрлері ұсынылады.

Кәсіп иесі мемлекеттік бағдарламаның қолдауын тиімді пайдаланып, жеке кәсібін дамытуда. Бұл – «Ауыл аманаты» жобасы арқылы кәсіпкерлікке жол ашқан тұрғындардың бірі.

Осындай бастамалар ауыл тұрғындарының кәсіп ашуына, табысын арттыруына және жаңа жұмыс орындарын құруына мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Димаштың қазақ тілін танытудағы рөлі

altyalash_kz

Алматы облысында жоғалып кеткен шопандар табылды

altyalash_kz

Семейде 50 отбасы баспаналы болды

altyalash_kz