Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтар

Жезқазғандық оқушы мен педагогтер «Қазақстан – Сириус» халықаралық саммитіне қатысты

Ұлытау облысының білім беру ұйымдарының өкілдері Алматы қаласында өткен «Қазақстан – Сириус» III таланттар саммитіне қатысты, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Халықаралық іс-шараға Жезқазған қаласындағы №12 «Келешек мектебінің» педагогтері Райхан Каирбаева, Айымгүл Мухамединова және 10-сынып оқушысы Сұлтан Ханшайым қатысты.

Қазақстан мен Ресейдің дарынды оқушылары мен педагогтерінің басын қосқан саммит таланттарды қолдауға, шығармашылық және зияткерлік әлеуетті дамытуға, озық тәжірибе алмасуға және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

Саммит барысында қатысушылар білім беру саласындағы жаңа идеялармен танысып, тәжірибе алмасты. Сондай-ақ дарынды балалардың қабілетін дамытуға арналған бастамалар мен оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Халықаралық іс-шара оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру және білім беру саласындағы жаңа тәсілдерді зерделеу мәселелерін қамтыды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның белсенді жастары IV «Үндістан – Орталық Азия» форумына қатысты

altyalash_kz

ИНТЕРНАЦИОНАЛИЗАЦИЯ ВУЗОВ КАЗАХСТАНА: ШАГ К СТАНДАРТАМ МЕЖДУНАРОДНОГО ОБРАЗОВАНИЯ

altyalash_kz

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысын өткізді

altyalash_kz