Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғамМәдениетСпорт

Астанада Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығы мен Жақсылық Үшкемпіровтің 75 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде «Ұлт намысын ұлықтаған қос алып» атты дөңгелек үстел өткізілді. Жиын қазақтың әйгілі балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы мен Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің мерейтойларына орай ұйымдастырылды. Іс-шара музей педагогикасы және балалар шығармашылығы бөлімінің «Қызықты этнография» жобасы аясында өтті.

Жиынға жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Несіп Жүнісбайұлы, спорт қайраткерлері Елсияр Қанағатов пен Қайыртай Оразалинов, журналист әрі спорт тарихшысы Қыдырбек Рысбекұлы, Мағжан Жұмабаев атындағы халықаралық жоғары колледжі мен Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мектеп-интернат-колледждің студенттері қатысты.

Қатысушылар Қажымұқан Мұңайтпасұлының әлемдік додалардағы жеңісі мен Жақсылық Үшкемпіровтің Олимпиада алтынына жету жолы туралы әңгімеледі. Қос балуанның өмірі, азаматтық ұстанымы мен спорттағы жетістіктері де сөз болды.

Дөңгелек үстел аясында Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мектеп-интернат-колледждің қорындағы материалдардан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге балуандардың өмірі мен спорттағы жолын танытатын фотосуреттер, құжаттардың көшірмелері және өзге де материалдар қойылды.

Жиын қазақ спортының тарихын жастарға насихаттауға, ел намысын әлемдік додаларда қорғаған тұлғалардың өнегесі мен ұлттық спортты дәріптеуге бағытталды.

Ұқсас жаңалықтар

Соңғы 13 жылда 700-ден астам адамға сүйек кемігі трансплантациясы жасалған

altyalash_kz

Қазақстанда көптен күткен «Стоп, ночь»фильмі көрерменге жол тартты

altyalash_kz

«Аналар саулығы» бағдарламасы әзірленді

altyalash_kz