Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Жылқының тектілігі мен сымбаты: Астанада жаңа мәдени-спорттық жоба таныстырылады

Елордада 12 желтоқсанда сағат 17:00-де «Арғымақ» ат спорты кешенінде жылқының сұлулығын, сымбатын және әсемдігін дәріптеуге арналған ASTANA HORSE EXHIBITION 2026 мәдени-спорттық іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

ASTANA HORSE EXHIBITION 2026 елорданың ат спорты клубтарын, сала мамандарын, жылқы жанашырларын және қала тұрғындарын бір алаңға тоғыстырады.
Жобаның басты мақсаты – жылқыны халқымыздың тарихи-мәдени мұрасының ажырамас бөлігі ғана емес, сұлулықтың, тектіліктің және әсемдіктің символы ретінде заманауи форматта таныстыру.

Іс-шараның негізгі бөлігінде Астана қаласындағы ат спорты клубтарынан әкелінген түрлі тұқымдағы 40-50 жылқы көпшілік назарына ұсынылады.
Көрермен жылқылардың салтанатты шеруін, манежге жеке шығуын, олардың табиғи сұлулығы мен ерекше бітімін тамашалай алады. Әрбір көрсетілім арнайы әзірленген музыкалық сүйемелдеумен, жарық әсерлерімен және мультимедиалық көркемдеумен толықтырылады.

Бағдарламада ат үстіндегі өнер шеберлерінің шеберлігін паш ететін әсерлі көрсетілімдер, жигитовка элементтері мен музыкалық қойылымдар да бар.
Ұйымдастырушылар дәстүрлі жылқы мәдениетін заманауи технологиялармен және мәдени-ағартушылық бастамалармен ұштастыруға ерекше мән береді.
Атап айтқанда, іс-шара барысында жасанды интеллект технологияларының көмегімен әзірленген, жылқының табиғи сұлулығын, қимыл-қозғалысындағы үйлесімділік пен әсемдігін бейнелейтін көркем мультимедиалық контент көрсетіледі. Бұл бағыт Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған цифрлық даму және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу басымдықтарымен үндеседі.

Сонымен қатар кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Кітап оқитын ұлт» идеясын қолдау мақсатында іс-шара алаңында жылқы тақырыбына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылады. Экспозицияда жылқы тарихы, ат спорты, жылқы мәдениеті мен оның адамзат өркениетіндегі орны туралы әдебиеттер ұсынылады.

Іс-шарада жануарларға жауапкершілікпен қарау, тазалықты сақтау, тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын ұстану мәдениетіне де назар аударылады.
Осылайша, ASTANA HORSE EXHIBITION 2026 жылқы өнерін, заманауи технологияларды және мәдени-ағартушылық бағыттарды біріктіре отырып, жылқы әлемін көпшілікке жаңа қырынан таныстыруды көздейді.

Жоба жылқы мәдениетін кеңінен насихаттауға, ат спортының дамуына ықпал етуге, қоғамның жылқыға деген қызығушылығын арттыруға және ат спорты саласы өкілдерінің өзара байланысын нығайтуға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Аида Балаева Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды

altyalash_kz

Риски предстоящего вегетационного периода обсудил Канат Бозумбаев на встрече с фермерами в Кызылординской области

altyalash_kz

Жүйе астықпен жасалатын операцияларға – егістік алқабынан бастап дайын өнімге дейін бағытталған

altyalash_kz