Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарМәдениет

Алғаш рет қазақстандық деректі фильм Netflix-те көрсетіледі

Фото the-village-kz алынды

Қазақстандық режиссер Катерина Суворованың «Ертең теңіз» (Sea tomorrow) атты тәуелсіз толық метражды деректі фильмі Netflix әлемдегі ең ірі стриминг платформасында көрсетіледі. Туынды құрғап қалған Арал теңізі туралы баяндайды, – деп хабарлайды Altyalash.kz сайты ulysmedia.kz сілтеме жасап.

«Қазір кинотуынды Еуропаның барлық ел тұрғындары үшін қолжетімді. Ал АҚШ оны Amazon платформасында көрсетеді. ТМД елдері тұрғындарына көрсету мүмкіндігі туралы келіссөздер жүріп жатыр», – дейді The Village.

«Арал теңізінің жойылуы– әлем тарихындағы ең ірі антропогендік апаттардың бірі. Кезінде теңіз толқындары болған жер қазір кемелердің тот басқан қаңқалары жатқан тұзды шөл далаға айналған. Арал жайлы, заман ақырынан кейінгі әлем жайында ойлағанда осындай бейнелер ойыңа келеді», – деп жазылған Amazon сипаттамасында.

Фильмнің әлемдік таныстырылымы 2016 жылғы тамызда Locarno International Film Festival кинофестивалінде өткен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандағы картография мен топографияның тарихы – ғылым мен тәжірибенің тығыз байланысының тарихы

admin_altyalash

Елордалық “Мемориалдық аймақ” іздеу жасағына – 45 жыл

admin_altyalash

Мемлекет кірісіне қосымша 525 млрд теңге қайтарылды

admin_altyalash