Шиелі диқаншылары 25,9 млрд теңгенің өнімін өндірді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Маусым 28, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Шиелі диқаншылары 25,9 млрд теңгенің өнімін өндірді

01.11.2021
0
Шиелі диқаншылары 25,9 млрд теңгенің өнімін өндірді

Фото Шиелі ауданы әкімдігі ұсынды

Биыл Шиелі ауданында ауыл шаруашылығы саласында 25,9 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылмен салыстырғанда 102,8%-ға артқан, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

Негізгі дақыл 12 039 гектар күріштің әр гектарынан 55 центнерден өнім алып, 66 214 тонна күріш салысы жиналған.

Осы ретте Шиелі ауданында «Алтын күз – 2021» мерекелік шара ұйымдастырылды. Аудан әкімі Нариман Мақұлбеков қатысып, сала үздіктерін марапаттады

Фото Шиелі ауданы әкімдігі ұсынды

Сонымен қатар шара барысында Қызылорда облыстық мәслихат хатшысы Н.Байқадамов облыс әкімінің құттықтау хатын оқып, Шиелі ауданы әкімі Нариман Мақұлбековке табыстады. Ал Н. Мақұлбеков диқаншылардың биыл жеткен жетістіктерін айтып, алғыс білдірді. Диқаншыларға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің наградалары мен облыс әкімінің алғыс хатын табыстады.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен қатар ауданда Ы. Жақаевтың 130 жылдығы да ерекше аталып өтуде. Атап айтқанда ауданда «Жалпақ жұртқа аты мәлім Жақаев» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Ауыр атлетикадан республикалық турнир ұйымдастырылды.

Фото Шиелі ауданы әкімдігі ұсынды

«Ы. Жақаев мұражайына экскурсия жасалды, жастар арасында Жақаевшылар қозғалысы бастау алды. Ыбырай атаның досы, замандасы, даңқты шопан Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдық мерейтойына орай Мойынқұм ауданында өткізілген мәдени шараға ауданнан делегация барып, қатысып қайтты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы ішінде тұрақтылық пен бірліктің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде – елімізде ілкімді істер мен толымды тірліктер атқарылып, бағындырған белестерімізбен алған асуларымыз артты. Ауданымызда бірқатар жоба жүзеге асып, көптеген жетістікке қол жеткіздік. Тіпті  судың тапшылығына қарамастан аудан ауыл шаруашылығы саласының мамандары жетістіктерге жетіп отыр. Биыл аудан күрішшілері жоғары өнімге қол жеткізіп, Шиелі ауданы егін шаруашылығы бойынша облыста «Озат аудан» атанды», – дейді Шиелі ауданының әкімі Н.Мақұлбеков.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елде электр энергиясын тұтыну күрт артты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Тәуелсіздік туралы 100 әңгіме: Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері қалай құрылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.