Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Президент моноқалаларға көшетіндер үшін жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев даму әлеуеті бар моноқалаларға қоныс аударушыларға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды altyalash.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мемлекеттік тұрғын үй саясаты аясында даму әлеуеті төмен моноқалалардан қоныс аударушыларға арналған жеке бөлім болуы тиіс», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Екібастұзда өтіп жатқан моноқалаларды дамыту мәселелеріне арналған жиналыста.

Ақорданың Twitter-дегі мәліметіне сәйкес, Президент даму әлеуеті бар моноқалаларға қоныс аударушыларға жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама болуы керектігін айтты.

«Отбасы» банкі инструментарийінде мұндай азаматтарға бастапқы жарнасы 10 пайыз және сыйақы мөлшерлемесі 2-ден 5 пайызға дейін болатын жеңілдетілген ипотека бағдарамасын қарастыруы қажет. Үкіметке әкімдіктермен бірге бұл бастаманы жан-жақты пысықтау керек», – деді Мемлекет басшысы.

Ұқсас жаңалықтар

Бүгінде барлық әлемдік астаналарда жүгіру дәстүрге айналған

admin_altyalash

Таэквондодан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші медаль түсті

admin_altyalash

Павлодарда 52 млн қарызы бар жүргізуші ұсталды

admin_altyalash