Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Дзюдошы Карина Тәкиева жастар арасында Азия чемпионы атанды

Қазақстандық дзюдошы Карина Тәкиева Ливан астанасы Бейрутта дзюдодан мәреге жеткен Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды altyalash.kz.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы мәлім еткеніндей, Карина аса ауыр салмақта (+78 кг) топ жарды.

Карина Русланқызы 2003 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Дзюдо әліппесін жекпе-жек спорты түрлерінен олимпиада резерві мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде жаттықтырушы Азамат Қапсатовтан үйренді.

Қазіргі кезде Алматыдағы республикалық спорт колледжінің 2 курс студенті. Бапкері – Жайдар Сайлаубаев. 2021 жыл Карина үшін табысты жыл болды.

ҚР V жастар спорт ойындары мен 23 жасқа дейінгілер арасында ел біріншілігінде күміс жүлдемен марапатталса, ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында үздік үштікке ілікті.

Қазақстан дзюдо федерациясының мәліметіне қарағанда, жарыстың соңғы күні сондай-ақ Максим Мейірлан 81 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.

Ұқсас жаңалықтар

Моноқалалардың экономикасын әртараптандыруға баса назар аудару қажет

admin_altyalash

Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театры 36-шы өнер маусымын ашты.

admin_altyalash

«Комирнати» вакцинасы: Маңғыстауда 90 мыңнан аса адам екпе алады

admin_altyalash