Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

ШҚО-да 300 тоннаға жуық шөп өртенді

Жарма ауданы Үшбиік ауылында орналасқан шаруа қожалығының аумағында пішен өртенді. Бұл туралы ШҚО төтенше жағдайлар баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды altyalash.kz сайты.

«Қызыл жалын жалпы салмағы 280 тоннаға жететін 800 орама пішенді шарпыды. Тілсіз жауды ауыздықтауға 9 өрт сөндіруші мен 2 техника, жергілікті атқарушы органнан 5 адам мен 5 трактор және тірек пунктінің бір техникасы жұмылдырылған. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ», деп хабарлады ведомство өкілдері.

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбелік қолөнер шеберлері 155 жылдыққа 155 метр көрпе тікті

admin_altyalash

Алмас Алматовтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Біздің жәрмеңке – жыр-дастан» концерті өтті

admin_altyalash

Студенттерді жатақханамен толықтай қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

admin_altyalash