Лондонда ойқастаған Рыбакина – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Маусым 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Лондонда ойқастаған Рыбакина

12.07.2022
0
Лондонда ойқастаған Рыбакина
Өткен сенбі күні Қазақстан теннисінің ­тарихи қайта таңбаланды. Дәлірек айтсақ, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ­Лондонда өткен «Уимблдон 2022 үлкен шлем» турнирінің жеңімпазы атанып, айды аспанға шығарды.

Жалпы теннис спорты Қазақстанда кенжелеп қалған спорт түрлерінің қатарына жатады. Оның себептерінің бірі ретінде елімізде теннис корттарының тапшылығын айтуға болады. Сондай-ақ Қазақстанның намысын қорғап жүрген Михаил Кукушкин, Зарина Диас сынды теннисшілеріміз де әлі күнге дейін үлкен теннис турнирлерінде топ жара алмай келеді. Михаил Кукушкиннің тырнақ алды жетістіктерінің қатарында 2019 жылы Уимблдон турнирінің 1/8 ойындарына қатысуы айтуымызға болады. Ал Зарина Диастың ең үлкен жетістігі 2020 жылы Гонконгта өткен ITF турнирінің жеңімпазы атану болды.
Дегенмен биыл күтпеген жерден ­Лондон қаласының корттарында 23 жасар Қазақстандық теннисші Елена ­Рыбакина атой салып, әлемнің 16-шы ракеткасы Симона Халеп, 5-ші ракетасы Онс ­Жабер сынды теннисшілерден басым түсті. ­
Рыбакина жартылай финалдық ойында Симона халепті 2 сетте (6-3, 6-3) есебімен айқын жеңсе, финалдық ойында Онс Жаберден алғашқы сетте (3-6) есебімен есе жіберіп, 2 сет қатарынан (6-2, 6-2) есептерімен басым түсті. Осы жеңісі үшін Елена Рыбакинаға 2,5 миллион доллар сыйақы ұтып алып, оның бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсауға уәде берді. Әрі Қазақстан теннис федерациясының сы ұсынған сыйақыдан бастарты. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының өкілдері хабарлады. «Біз федерация атынан Елена Рыбакинаға сыйақы бергіміз келген, алайда ол бас тартты. Сонымен қатар ол сыйақыны Қазақстанда жастарды қолдауға және қайырымдылыққа жұмсамақшы», – деді федерация өкілдері.
Спортшы үлкен шлем туринінде қандай жетістіктер көрсетті?
Айта кетерлігі Елена Рыбакина 2015 жылдан бері ­Уимблдон турнирінде финалдық кезеңге шыққан ең жас теннисші атанды. Сондай-ақ соққылары 196 км/сағат жылдамдықтан асып, турнир тарихындағы үздік соққылар қатарына енді.
Елена Рыбакина қай елдің тумасы?
Негізінен Елена ­Рыбакина 1999 жылы Мәскеу қаласында туған. Екі мәрте WTA турнирлерінің, Ресей мемлекетінің атынан командылық жүйеде өткен жас­тар арасындағы ­Еуропа біріншілігінің жеңімпазы атанған. Жастайынан спорттық гимнастика мен мәнерлеп сырғанау спорт түрлеріне қатысып, бойының ұзындығынан әкесі 6 жасында Еленаны тенниске ауыстырған. ­
18 жасына дейін Ресей мемлекетінің теннис федерациясынан қолдау болмағаннан кейін Елена ата-анасының айтуымен 2018 жылдан бастап Қазақстан азаматтығын алып, еліміздің атынан өнер көрсете бастаған. Қазақстан азаматтығын таңдауының тағы бір себебі оның ата-анасы Қазақстанда туылғанындығы еді.
Елге келе салысымен теннисші қыздың тасы өрге домалап, әлемдік рейтингте бұрын 100-дікке де кірмеген ол 39-шы орынға топ ете қалды. Сондықтан болар «тілшілердің өзіңізді қай елдің азаматымын деп санайсыз?» деген сұрағына ол.
– Мен Мәскеуде тудым. Туған жерді таңдай алмайсың. Дегенмен маған 18 жасымнан шынайы қолдау білдіріп, осындай жетістікке жетуіме себеп болған Қазақстанды отаным деп санаймын. Олардың қолдауының арқасында қазір әлемнің 23-ші ракеткасы атандым. Енді міне ­Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанып отырмын, – деді.
БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ағашты киіз үйді темір алмастырды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Адыраспан жайлы ақиқат

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.