Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

Білім гранты конкурсына өтініш қабылдау мерзімі ұзартылды

Талапкерлердің өтінішін ескере отырып, білім гранттары конкурсына өтінім қабылдау мерзімі 22 шілдені қоса алғанда 2 күнге ұзартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шекті межеден өткен 103 мың талапкердің 80 мыңнан астамы жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына құжат тапсырған. Биыл 92 мың өтініш қабылданады деп күтіліп отыр.

Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін талапкерлерге мынадай құжаттар қажет: жеке куәлік, ҰБТ сертификаты, орта білімі туралы аттестат (ТжКБ ұйымдарының түлектері үшін диплом) және жеңілдетілген санат бойынша конкурсқа қатысу үшін растайтын құжаттар. Медициналық анықтаманы тамыз айында университетке қабылдау кезінде тапсыру қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Бибісара Асаубаева Нью-Делидегі Гран-Приде жеңіске жетті

admin_altyalash

Президент: Жасанды интеллект өмірдің ақиқатына айналды

admin_altyalash

Алматыдағы метро құрылысынан 5 миллиард қаржы жымқырған 10 адамға қатысты үкім шықты

admin_altyalash