Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

№19 мектепте  оқушылармен кездесу өтті

​          2022 жылдың 25 қараша күні «Social project managment» орталығы қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Алматыдағы  №19 мектепте «Ashyq Alan» жобасы «Oz pikirim» атты диалогтық алаң аясында Психолог-консультант Амангелді Мейрамбекұлы оқушылармен пікір алмасты.

          Кездесуде жастар мен спикерлер арасында ашық сұрақ-жауап болып, қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Аға буын жастарға ақыл-кеңес айтумен қатар, жастардың да ойы қоғам үшін аса маңызды екенін тілге тиек етті.

          Жастар өзін қоғамдық ортаға керекті санағанда бойында сенім оянып, баршаға пайдалы іспен айналысуға тырысады. Алтын уақыттарын бос өткізіп, денсаулықтарына зиянды іспен айналысудың алдын алу мақсатында жастар арасында үгіт-насихат шаралары жиі жасалып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

«Үздік педагог-2023»: елорданың бірнеше ұстазы марапатталды

admin_altyalash

Қазір 8 мың адамның мобильді аударымы тексеріліп жатыр

admin_altyalash

Павлодар облысында Ленин кенті Атамекен болып өзгертілді

admin_altyalash