Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

№19 мектепте оқушылармен кездесу өтті

2022 жылғы 23 қараша, сағат 15.00-де Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Ashyq Alan» жобасы бойынша «Social project management» орталығы девиантты мінез-құлықтың психологиялық кернеуін азайту мақсатында №19 мектеп-лицейіндегі тәуекелдер тобында тіркеуде тұрған оқушыларды «В Глине» құмыра шеберханасына апарды.

          Шеберханада ұста  Байгуржин Шыңғыс құмыра жасаудың тәсілдерін көрсетіп, өз қолымен құмыра дайындап ұсынды. Ерекше атмосферада, ерекше жерде өткен кездесуде оқушылар да сазбалшықтан құмыра жасады.

          Қарасаң көзің тоймайтын, жасасаң бақыт сыйлайтын сазбалшықтан құмыра дайындау кезінде жастар ерекше қуанып, керемет көңіл-күймен қайтты.

Ұқсас жаңалықтар

Тараздық оқушы қалқымалы электр стансасын жасап шығарды

admin_altyalash

Ақпарат вице-министрі 9 мемлекеттік телеарнаның неге конкурстардан босатылғанын түсіндірді

admin_altyalash

Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді

admin_altyalash