Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Екібастұзда бүгін таңертең жарылған жылу құбыры толық жөнделді

Бүгін таңертең Екібастұздағы №6 шағынауданда жарылған жылу құбыры қалпына келтірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында мәлім етілді.

«№6 шағынауданда орамішілік жылу желісіндегі ақау жойылды. Бауыржан Момышұлы көшесі 46, 44, 48, 50, 52 және Мәшһүр Жүсіп көшесі 59, 61, 65, 57а, 63, 63А, 63Б, 67а тұрғын үйлеріне жылу беру қалпына келтірілді. Бауыржан Момышұлы көшесі 42, 54 мекенжайындағы екі үйде жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген Екібастұз әкімдігінің хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін сағат 04:30-да Екібастұздағы №6 шағынауданда орамішілік жылу желісінде құбыр жарылған еді. Оған жөндеу бригадалары жіберіліп, екі көшедегі 15 тұрғын үйге ыстық су беру уақытша тоқтылған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Жапонияның Сыртқы істер министрін қабылдады

admin_altyalash

Мемлекет басшысы металлургтерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

admin_altyalash

Ақтөбеде туристерге арналған орталық ашылды

admin_altyalash