Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Борышкерлерден банкроттық туралы өтінішті қабылдау қашан басталады?

Қордаланған қарызы көбейген азаматтардың құқын қорғау үшін биылдан бастап жаңа заң күшіне енді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.   

Борышкерлерден банкроттық туралы өтінішті қабылдау қашан басталады?

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев банкроттық туралы өтінішті 2023 жылдың 3 наурызынан бастап жазуға болатынын айтты.

– «2022 жылғы 30 желтоқсанда «ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін және банкроттығын қалпына келтіру туралы» заңға қол қойылды. Заң 1 қаңтарда ресми түрде жарияланды. Банкроттық туралы өтініштерді қабылдау 3 наурыздан басталады», – деді Қаржы министрі.

Заңда рәсімдердің үш түрі қарастырылған:
– соттан тыс банкроттық;
– сот арқылы банкроттық;
– қабілеттілігін қалпына келтіру.

Банроттыққа қарыз алушының өзі ғана бастамашы бола алады. Сондай-ақ азаматтарды қаржылық сауаттылығын арттыру үшін міндетті түрде курстан өткізу жоспарда бар.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық құрылтай мемлекет пен қоғам арасындағы басты диалог алаңына айналды — Мемкеңесші

admin_altyalash

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасының шарты өзгерді

admin_altyalash

Әділғазы Қайырбековтің 70 жасқа толуына орай шығармашылық кеш өтті

admin_altyalash