NASA мен Boeing жаңа ұшақ жасау үшін күш біріктіреді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Шілде 1, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

NASA мен Boeing жаңа ұшақ жасау үшін күш біріктіреді

20.01.2023
0

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/altyalash.kz/data/www/altyalash.kz/wp-content/themes/caspian_life_kz/class/Single/SinglePost.php on line 999

 

NASA өзінің ғарыштық жобаларымен танымал болғанымен кеше Вашингтонда NASA әкімшісі Билл Нельсон жердегі жобаларын жариялады. Ғарыш агенттігі Boeing және басқа серіктестермен бірлесе отырып, жаңа буын енсіз фюзеляжды әуе лайнерін жобалауға, жасауға және пайдалануға 1,1 миллиард доллардан астам қаржы бөлмекші. Мақсат – 2030 жылдың басына дейін бүгінгіден әлдеқайда үнемді ұшақ жасау. 18 қаңтарда NASA-ның штаб-пәтерінде таныстырылған жоба туралы Aikyn.kz NASA ғарыш агенттігіне сілтеме жасай отырып  хабарлайды.

Рисунок2
18 қаңтарда NASA-ның штаб-пәтерінде ғарыш агенттігінің әкімшісі Билл Нельсон 2030 жылдың басына дейін бүгінгі қолданыстағы ұшақтардан әлдеқайда үнемді ұшақ жасау жобасын таныстырды. Фото NASA ресми сайтынан алынды.

NASA жобаға 425 миллион доллар инвестициялайды. Бағдарлама аяқталғаннан кейін NASA бұл ұшақтарда қолданбайды.

Басты идея – ауқымды инвестиция әуе тасымалының шығындарын азайту арқылы климаттың өзгеруіне үлкен үлес қосу. Өйткені, NASA қызметінде бұл бағытқа көп көңіл бөледі.

NASA пресс-релизінде енсіз, тар корпусты ұшақтар бүгінгі таңда әлемдік авиация паркінің жартысына жуығын құрайтынын айтылды. Әуе кемелерінің бұл түрлері, әсіресе, жолаушылар тасымалы үшін кең таралған.

Рисунок3
Жаңа әуе кемесінің Transonic Truss-Braced Wings (TTBW) деп аталатын қанаттары қазіргі коммерциялық лайнерлерге қарағанда әлдеқайда биік орналасатын болады. Фото Boeing ресми сайтынан алынды

Бұл жоба қазіргі кезде ұшып жүрген әуе кемелері шығаратын зиянды газды 30%-ға азайтуға бағытталған. Нәтижесінде, NASA да, жалпы авиация қауымдастығы да 2050 жылға қарай зиянды көміртегі шығармауға міндетті. Бұл бірлескен инвестиция алдағы онжылдықтардағы көптеген өзгерістердің бірі ғана болатынына қарамастан, осы жолдағы маңызды қадам саналады. Сонымен, бұл жаңа технология дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?

Әуе кемесінде күтілетін ең айқын өзгеріс – Transonic Truss-Braced Wings (TTBW) деп аталатын қанаттардың жаңа дизайны. 2019 жылы Boeing алғаш рет таныстырған TTBW қанаттары қазіргі коммерциялық реактивті лайнерлерге қарағанда болашақ ұшақтарда әлдеқайда биік орналасатын болады.

Мысалы, Boeing 737 ұшағында төтенше жағдайда жолаушылар шығатын есіктер қанаттардың үстінде орналасқан. Бірақ TTBW ұшағында қанаттар фюзеляждың жоғарғы жағына, терезелер мен шығу есіктерінен де жоғары бекітілген.

Рисунок4
Болашақ NASA ұшағы қанаттарының құлашы бүгінгі әуе лайнерлерінен әлдеқайда үлкен болады. Соншалықты ұзын болғанымен, олар әлдеқайда жеңіл. Сондықтан жаңа қанаттарды фермалармен қосымша бекіту қаралған. Фото Boeing ресми сайтынан алынды.

Болашақ NASA ұшағы қанаттарының құлашы бүгінгі әуе лайнерлерінен әлдеқайда үлкен болады. 737-ші Боинг қанатының құлашы 117 фут (36 метр) болса, жаңа ұшақта 170 футқа (52 метр) жақын жобаланған. Олар соншалықты ұзын болғанымен, әлдеқайда жеңіл болмақ. Сондықтан жаңа қанаттарды фермалармен қосымша бекіту қаралған.

Boeing зиянды газдар мен шуды азайту, өнімділікті жақсарту мақсатында бұл конструкцияны 10 жыл бойы зерттеп келеді. Инновациялық қанаттан басқа NASA мен Boeing басқа да жүйелерді, соның ішінде қозғалтқышты, материалдар мен ұшақтың жабдықтарының архитектурасын да жаңартуға ниетті. NASA жобаны сынауды осы онжылдықтың соңында 2030 жылдары аяқтауды көздеп отыр. Өршіл мақсатқа қол жетсе атмосфераның тазаруы  адамзат үшін құнды жетістік болар еді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Біз өз күшімізге сенімдіміз және ашық күреске дайынбыз – «AMANAT» Төрағасы

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Африка елдеріне қазақ балаларын асырап алуға жол берілмейді – СІМ

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.