Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Бас прокурор: Әуежайлар маңында жемтік іздеген құстар жиналатын 350 ғимарат заңсыз салынған

Қазақстанда Қостанай әуежайының маңындағы әуе айлағы ғана талапқа сай келеді. Өйткені, өзге өңірлерде әуежай маңына таяу рұқсатсыз  салынған ғимараттар көп, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өзге аймақтардың әуежайы маңайында Азаматтық авиация комитетінің рұқсатынсыз 100 мыңнан астам ғимарат заңсыз салынған. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған.

«ҚР Әуе кеңістігін пайдалану жəне авиация қызметі туралы» заңның 90-бабының 4-тармағына сəйкес əуе айлағының бақылау нүктесінен он бес шақырым жақын қашықтықта тағам қалдығын тастайтын орындарды, аң-құс фермалар, қасапханалар жəне құстар топталатын басқа да нысандарды салуға тыйым салынады. Тыйым салуға қарамастан, əуежайлардың маңында жемтік іздеген құстар жиналатын 350 объекті салынды.

Әуежайлардың жанындағы қоқыс полигондары əуе тасымалының қауіпсіздігін нашарлатқан. Мысалы, Алматы қаласының əуежай аймағында осындай 10-нан астам нысан жұмыс істейді. Азаматтық авиация комитетінің мақұлдауынсыз Шымкент қаласы əуежайының 4 шақырым айналасында 1 303 нысан салынды. Осындай фактілер еліміздің барлық өңірінде (Қостанай облысын қоспағанда – ред.) анықталды. Тиісті келісімсіз 100 мыңнан астам түрлі құрылыс нысаны салынды», – деп жауап берген Берік Асылов.

Айта кетейік, Алматы әуежайы маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағанда екі қабатты үйге құлаған еді.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірде алғаш рет республикалық әжелер форумы өтті

admin_altyalash

«Жақұт жырдың жауһары» атты еске алу кеші өтті

admin_altyalash

Есірткі зертханасы жойылды

admin_altyalash