Мұнай-газ кен орындарын ашқан ғалым Орал Ақшолақов өмірден өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Мұнай-газ кен орындарын ашқан ғалым Орал Ақшолақов өмірден өтті

13.02.2023
0
Мұнай-газ кен орындарын ашқан ғалым Орал Ақшолақов өмірден өтті

Қазақстанда геологиялық барлаудың негізін қалаушылардың бірі, профессор  Орал Ақшолақов 86 жасында өмірден өтті. Қаралы хабарды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Орал Ақшолақовтың ұлы Болат Ақшолақов – қазір Қазақстанның Энергетика министрі.

Орал Ақшолақов 1936 жылы қазіргі Атырау қаласында дүниеге келген. 1958 жылы И.М. Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын геолог мамандығы бойынша бітірген.

Ғалым, Қазақстанда геологиялық барлаудың негізін қалаушы, Қазақстан Республикасы минералды ресурстар академиясының толық мүшесі.

Еңбек жолын Гурьев ірі аумақтық мұнай барлау экспедициясының Батыс Қазақстан геологиялық басқармасында коллектор, геолог, аға геолог, техникалық басшы және бөлімінің басшысы болып бастаған.

Әр жылдары Қазақ геологиялық барлау және мұнай ғылыми-зерттеу институтының зертхана меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, Балықшы мұнай барлау экспедициясының басшысы болған.

Батыс Қазақстан экспедициясының басшысы, Алматы геофизикалық экспедициясының бас геологы, партия басшысы, «Қазгеофизика» ӨГБ геологиялық бөлімінің бастығы, ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігінің Мұнай және газ бас басқармасының басшысы (1992-1994) қызметін атқарған.

Сонымен бірге, Орал Ақшолақов «Казгоснедра» минералды ресурстар бас басқармасы басшысының орынбасары, «Степной леопард» БК бас директоры, «Тау-кен-экономикалық консалтинг» ЖШС бас маманы, «Центроконсалтинг» ЖШС директоры қызметін атқарды, Н.А. Марабаев атындағы «Мұнайшы» қоғамдық қорының құрылтайшысы, қамқоршылық кеңесінің мүшесі болды.

Ол 170-тен астам жарияланған және қолжазба ғылыми еңбектің, Қазақстанның мұнай энциклопедиясының, екі басылымның авторы. Бірқатар мұнай және газ кен орындарын – Прорва, Мартыши, Қамышитовый, Жаңажол, Жетібай, Өзен, Тасболат, Кеңқияқ, Өріктау, Қарашығанақ және т.б. ашқан.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бас прокурор: Әуежайлар маңында жемтік іздеген құстар жиналатын 350 ғимарат заңсыз салынған

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Лондонда түнде жарық сөндіріледі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.