Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Доллар тағы көтерілді

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.

Күндізгі сауданың нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 2,36 теңгеге көтеріліп, 449,22 теңгені құрады. Айта кетейік, Ұлттық банктің 23 ақпандағы бір долларға арналған ресми бағамы 446,60 теңгені құрайды.

Kurs.kz хабарлағандай, дәл қазір Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 448,50 теңгеден сатып алынып, 451,62 теңгеден сатылып жатыр. Алматының айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 448,89 теңге, сату – 452,07 теңге.

Ұқсас жаңалықтар

Семейдегі ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері: 19,5 тонна сиыр еті мен мыңдаған килограмм көкөніс төмен бағамен сатылды

admin_altyalash

Білім берудегі әділетсіздікке тосқауыл: Депутат емтихандарды цифрлық форматқа көшіруді талап етті

admin_altyalash

Дария суының деңгейі алаңдатады

admin_altyalash