Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін. Бұл туралы Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, осындай болжамымен бөлісті, – деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Мен Алматы сейсмологиялық қауіпті аймақ екенімен, әрине келісемін. Қала 27 техногенді плитаның үстінде орналасқан. Көбі қаланың таулы аймақтарында. Қаланың ең қауіпті ауданы – Түркісіб», – деді Күлшімбаев.
«Алматыда қатты жер сілкінсе, ғимараттардың 60 пайызы құлайды деген пікірлерге не айтасыз?» деген сұраққа жауап бере отырып, вице-министр ТЖМ-ның болжамын жария етті.
«Ғимараттардың 60 пайызы қирайды деген пікірмен келіспеймін. Бірақ болжам бойынша, егер Алматыда 9 балдық жер сілкінісі тіркелсе, тұрғын үйлердің 30 пайызы қирауы мүмкін», – деді ол.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең Алматыда жер сілкінді.