Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Мемлекет басшысы Алғыс айту күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.

Құрметті отандастар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл мерекеде ұлтымыздың салт-сана­сында берік қалыптасқан достық, қайырым­дылық және ынтымақ сынды мызғымас құндылықтар кеңінен дәріптеледі.

Алғыс айту күні қиын-қыстау замандарда да мейірімділік пен жанашырлық таныта білген әрі бірлігін бекем еткен халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады.

Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлер және еліміздегі ауқымды өзгерістер кезеңінде әрбір азаматтың ел болашағы үшін жауапкершілік танытуы және өзара қолдау көрсетуі аса маңызды.

Бүгінгі мейрамда адал еңбегі, жасампаздығы мен отаншылдығы үшін барша халқымызға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Біз еліміздің ауызбіршілігін сақтай білсек, кез келген қиындықты еңсереміз. Әділетті Қазақстанды құрып, елімізді одан әрі өркендете береміз деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!

Ұқсас жаңалықтар

Үстінде шапан, қолында домбыра: Өскемендік волонтер өзге ұлттарға қазақ тілін тегін үйретіп жүр

admin_altyalash

Қазақстандық фермерлерге астық кептіру үшін арзандатылған сұйытылған газ беріледі

admin_altyalash

Түркістан облысында 800 мың тұрғынды сапалы жарықпен қамтитын «Қызыләскер» электр станциясы ашылды

admin_altyalash