Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Израильдегі әл-Ақса мешітінде қақтығыс болды

Израиль полициясы Йерусалимдегі әл-Ақса мешітінде ондаған құлшылық етушіге шабуыл жасаған.

«Рейтер-дің» мәлімдеуінше, жараланғандар бар. Бірақ олардың нақты саны белгісіз. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге барған дәрігерлер мешітке кіре алмаған.

Мұны Қызыл Жарты ай ұйымы мәлімдеді. Ал Израиль полициясы болса, бетперде таққан адамдар ғибадатхананы ішінен құлыптап алғанын мәлімдеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Сонымен бірге олар өздерімен бірге тас, таяқ, отшашулар алып кіргенін де айтты. Соңғы кездері Батыс жағалау мен Йерусалимде зорлық-зомбылық қайта күшейе түсті.

Алдағы діни мерекелер кезінде шиеленіс ушығуы мүмкін деген қауіп бар. Палестина Израильдің әл-Ақсаға жиналғандарға күш қолдануын сынға алып, оны қылмыс деп атады.

Ұқсас жаңалықтар

Трамп түрмеге отырса да, президент сайлауына қатыса береді — адвокат Трамп

admin_altyalash

Мәскеуде Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

admin_altyalash

Елең-алаң Елисей алабы

admin_altyalash