Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтары

Мәскеуде Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

Сот Владимир Жириновскийдің ұлы Олег Эйдельштейнді 15 күнге қамауға алды, — деп хабарлайды Риа Новости.

Олег Эйдельштейн Мәскеу мейрамханаларының бірінде төбелескені үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ол полицейлерді қорлап, содан кейін біреуін ұрды.

“Оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды”, – деп хабарлады соттан.

Бұл Эйдельштейннің бірінші төбелесі емес. 2021 жылдың сәуірінде Солтүстік Осетияның бұрынғы басшысының ұлы Зелимхан Битаров Внуково әуежайында Олег Эйдельштейнмен төбелесті.

Айта кетейік, Владимир Жириновский 2022 жылдың 6 сәуірінде ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін көз жұмды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстандық еріктілер Ташкенттегі халықаралық форумға қатысып жатыр

admin_altyalash

Садыр Жапаров Қырғызстанда бұрынғы президенттерінің бәрінің басын қосты

admin_altyalash

Тоқаев Индонезия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash