Илон Маск Шанхайда жаңа аккумулятор зауытын салады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Тамыз 20, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаһан жаңалықтары

Илон Маск Шанхайда жаңа аккумулятор зауытын салады

12.04.2023
0
Илон Маск Шанхайда жаңа аккумулятор зауытын салады

Tesla Қытайда үлкен аккумулятор зауытын салатынын BBC News жариялады. Шанхайда салынатын зауыт жылына 10 000 Megapack энергия сақтау қондырғысын шығаратын болады. Бұл туралы Aikyn.kz британдық баспасөзге сілтеме жасап хабарлайды.

Илон Маск Шанхайда жаңа аккумулятор зауытын салады
Фото tesla.com сайтынан алынды

Megapack – бұл өлшемдері үлкен аккумулятор, электр желісін тұрақтандыруға және электр қуатын үзіліссіз беруге арналған. Аккумуляторлар ірі өндіріс пен қалаларда негізгі жүйеде апат болған жағдайда электр энергиясын тұрақты түрде беруге көмектесетін қосымша құрал. Орнатылған Megapack-тің санына байланысты оның электр қуаты да мол болмақ. Әрбір Megapack модуль 3,9 мегаватт сағатқа (МВт/сағ) дейін электр энергиясын сақтай алады. Аккумулятор модулі қолдануға дайын және толық жинақталып келеді, бұл жылдам орнатуға және бірден қолдануға мүмкіндік береді. Қол шамыңызда батареяны ауыстырғандай тез әрі оңай.

Ең үлкен Megapack-тің қуаттылығы 3,9 МВт/сағ, орташа есеппен 3600 үйді бір сағатта қуаттандыруға жеткілікті. Megapack модульдері үлкен масштабтарда біріктірілуі мүмкін. Мысалы, Оңтүстік Австралиядағы Hornsdale Power Reserve электр станциясында жалпы қуаттылығы 350 МВт болатын 212 мегапакет орнатылған. Бұл әлемдегі ең үлкен энергия сақтау модулі саналады

Megapack әлемнің әртүрлі қалаларында, соның ішінде Астанада да орнатылған. Біздегі энергия модулі Tesla электромобильдерін зарядтау станцияларының желісін құру жобасы аясында орнатылған.

Қазірдің өзінде Калифорнияда Tesla-ның жылына 10 000 дана шығаратын Megapack зауыты бар. Маск мырза Твиттердегі аккаунтында Қытайдағы жаңа зауыт Tesla-ның АҚШ-тағы зауытына қосымша болады деп жазды.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралы Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Қытайдағы жаңа Megapack зауытының құрылыс жұмысы осы жылдың соңында басталып, аккумулятор өндірісі 2024 жылдың жазында басталады деп күтілуде. Tesla әзірше ВВС-дің түсініктеме беру сұрауына бірден жауап бермеген.

Илон Маск Шанхайда жаңа аккумулятор зауытын салады
Фото tesla.com сайтынан алынды

Қытай электр батареяларын ең ірі өндірушісі болып саналады, ал Tesla қытайлық өндірісті өзінің өнім көлемін ұлғайту және шығындарын азайту үшін пайдалана алады.

Tesla-ның бұл шешімі АҚШ үкіметі Бейжің мен Вашингтон арасындағы шиеленістің күшеюі жағдайында америкалық компаниялардың Қытайға тәуелділігін азайтуды талап еткен кезде қабылданып отыр. Илон Маск пен оның компаниялары үшін жаңа зауытты Қытайда салу шешімінің саяси салдарлары қандай болары белгісіз.

Өткен жылы Байден әкімшілігі АҚШ-тың федералды бюджеттен қаржыландырылатын технологиялық фирмаларға Қытайда 10 жыл бойы «озық технологиялар» нысандарын салуға тыйым салды. Осы тыйым арқылы Ақ үй билігі АҚШ-тың жартылай өткізгіш өнеркәсібін құруға арналған 50 миллиард долларлық жоспарының нәтижелі болғанын көргісі келеді.

Тамыз айында АҚШ президенті америкалық технологиялық компаниялар арқылы Қытайға технологиялық жетістіктер өтіп кетпесін деген қауіптің алдын алу үшін жоғары технологиялық өндіріс пен ғылыми зерттеулерге арналған 280 миллиард долларлық заң жобасына қол қойғаны белгілі.

Илон Маск Шанхайда жаңа аккумулятор зауытын салады
Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Yaorusheng

2019 жылы Tesla Шанхайда АҚШ-тан тыс алғашқы зауытын ашқан. Зауыт қазір аптасына 22 000 көлік шығарады. Tesla сонымен қатар Германиядағы Берлин маңында да автомобильдер шығарады және Мексикада тағы бір зауыт салу жоспарын жариялады. Мексика президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор электромобиль компаниясының зауыты Монтеррейде, Техастан үш сағаттық жерде болатынын айтты.

АҚШ пен Қытай арасындағы саяси және сауда шиеленісі дәстүрлі өндіріс тізбектерін бұзғандықтан, Мексика өзінің пайдасын көздейді. Мексикадағы зауыт Tesla компаниясының соңғы жылдары Қытай мен Германияда зауыттарын ашқаннан кейінгі АҚШ-тан тыс үшінші зауыты болмақ.

Tesla-ның ең жаңа зауытына қазір 1 миллиард долларлық бастапқы инвестиция салынды, уақыт өте келе оның көлемі 10 миллиард долларға дейін көтерілуі мүмкін екені белгілі болды.

Есімін атамаған мексикалық шенеунік Reuters ақпарат агенттігіне зауыт Tesla компаниясының жеңіл көліктер, соның ішінде жүк және спорт көліктерін шығаратын «гигафабрикасы» болатындығын айтқан.

Әлемдегі ең үлкен көлік нарығы саналатын Қытайда экономиканың баяулауы салдарынан биыл көлік сатылымы күрт төмендеді. Өткен айда Tesla сатылмаған көліктер көбейіп, қатал бәсекелестікпен бетпе-бет келгендіктен, Шанхайдағы зауытында шығаратын модельдерінің бағасын төмендетті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Күнсұлу Закарияны жаңа қызметке тағайындады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мұхтар Тайжан қамауға алынды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2023 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.