2023 жылғы 1 тоқсанда шоғырландырылған бюджет (Мемлекеттік бюджет+Ұлттық қор) салық түсімі бойынша 5 667,3 млрд теңге, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд теңгеге өсті. Оның ішінде:
– Республикалық бюджетке 3 176,7 млрд теңге түсті, өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 млрд теңгеге өсті.
– Жергілікті бюджетке 1 293,6 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 24,2% немесе 252,0 млрд теңгеге өсті.
– Ұлттық қорға 1 197,1 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 млрд теңгеге өсті.
2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімнің үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 21,2%-ға, корпоративті табыс салығы 20,7%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 2,0%-ға өсуі байқалады.
Түсімнің өсуіне келесі факторлар әсер етті.
2023 жылы 1 тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады.
Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы 1 тоқсанда 13,9%-ға өсті (экспорт 6,7%-ға төмендеді, импорт 1,8 есе өсті).
Сондай-ақ ЭШФ тауар айналымы 8,8 трлн теңгеге немесе 27,7%-ға өсті.