6 мамыр күні ІІІ Чарльздың таққа отыру рәсімі өтті. Чарльз Филипп Артур Джордж ресми түрде Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның королі атанды.
Салтанатты рәсім шамамен екі сағатқа созылды. Оған корольдің отбасы мүшелері, Лордтар Палатасының мүшелері, 203 елдің өкілдері, оның ішінде ондаған мемлекет басшылары және қоғамдық, қайырымдылық ұйымдарының волонтерлары қатысты.
Король ІІІ Чарльз бен оның жұбайы Букингем сарайынан орталық қақпа арқылы Вестминстер аббаттығына қарай Diamond Jubilee пәуескесінде жылжыды. Оларды қоршаған 200-ге жуық әскери қызметкер жаяу жүрді.
Осы сәтте бүкіл елде сырнайлар ойнап, отшашулар атылды. Одан кейін III Чарльз ресми түрде Солтүстік патшалықтың королі атанды.
III Чарльз Ұлыбританияның қырқыншы монархы атанды.
Дереккөз: Egemen.kz