Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Пәкістан халқы наразылыққа шықты

Пәкістанда сейсенбі күні ұсталған бұрынғы Премьер-министр Имран Ханның жақтастары мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды.

Жұма күні Ішкі істер министрлігінің нұсқауымен елде ұялы байланыс өшірілген еді. Хан сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптауларға жауап беру үшін Исламабад жоғары сотына келген кезінде ұсталған болатын.

Хан өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып отыр. «Әділеттікке қозғалыс» партиясы жариялаған бейнеүндеуіне ол бәріне дайын екенін мәлімдеді.

Өткен жылы сәуірде биліктен шеттетілгенінен бері Ханға қарсы жүздеген іс қозғалды. Оған қарсы тағылған айыптар арасында жемқорлық, терроризм және тіпті құдайға тіл тигізу бар.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бельгия Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

admin_altyalash

Шайбалы хоккей бойынша мемлекеттік сатып алулар жойылды

admin_altyalash

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында тоғызқұмалақ пен мангаладан оқу-жаттығу басталды

admin_altyalash