Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Мастерс турнирі: Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы анықталды

Италияның Рим қаласында өтіп жатқан Мастерс сериясы турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакинаның алғашқы қарсыласы белгілі болды.

Турнирдің екінші айналымында Елена Рыбакина кортқа Италия өкілі Жасмин Паолинимен кездеседі. Италиялық теннисші рейтингте 68-ші орында тұрса, Қазақстан теннисшісі Мастерс турнирін алтыншы орыннан бастады.

Бұған дейін Италия теннисшісі қытайлық Ван Синьюйді үш сетте ұтқан еді. Кездесу 6:4, 6:7, 6:2 есебімен аяқталды.

Айта кетейік, сегізінші мамырда Римнің (Италия) сазды корттарында әйелдер мен ерлер арасындағы «Мастерс» жарысы басталды. Жарысқа әлемнің барлық жетекші теннисшілері барды, оның ішінде әлемнің алтыншы ракеткасы – қазақстандық Елена Рыбакина да бар.

Дереккөз: Egemen.kz.

Ұқсас жаңалықтар

Жас теннисшілер әлем чемпионатына жолдама алды

admin_altyalash

Алматыда бейімді спортты дамытуға талпынып жатыр

admin_altyalash

Семейде Амангелді Сейітханды еске алуға арналған республикалық турнир өтті

admin_altyalash