Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарЖаһан жаңалықтары

Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгерістер болуы мүмкін – сарапшы

Орталық Азияның энергетика саясатында елеулі өзгерістер болуы мүмкін. Бұл туралы елордадағы энергетикалық қауіпсіздік тақырыбындағы конференцияда британдық NNWI орталығының президенті Тим Йео айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біздің ұйымның миссиясы атом энергиясы туралы, сондай-ақ климаттың өзгеруі тұрғысынан кеңінен мәлімет беруге бағытталған. 2022 жылға дейін біздің институт негізінен Еуропа елдеріндегі мәселелерді кеңінен қамтыған еді. Кейіннен Орталық Азия аймағына да ерекше назар аудару керек екенін түсіндік, – деді Тим Йео.

Сарапшының пайымынша, аталған салаға қатысты Орталық Азияда елеулі өзгерістер болуы мүмкін.

«Біз климаттың өзгеруі бүкіл әлемдегі энергетикалық саясаттың басты флагманы болады деп санаймыз. Бұл тұрғыда Орталық Азияның өзіндік ерекшеліктері бар, яғни осы өңірде алдағы бірнеше жылда тиісті өзгерістер болуы мүмкін», – деді Т. Йео.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА КІРПІШ ЗАУЫТЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

admin_altyalash

Түркістан облысында 27 млн теңге берешегі бар жүргізуші ұсталды

admin_altyalash

Қазақстанда 14 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді

admin_altyalash