Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Жартылай финалды асыға күтемін – Елена Рыбакина

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Римде өтіп жатқан ірі турнирдің ширек финалдық кездесуінде әлемнің ең үздік теннисшісі Ига Швентекті жеңіп кетті. Матчтан кейін жеңімпаз осы ойын жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннисшіміз әлемнің бірінші ракеткасын үшінші ретте де ұтты.
Рыбакина бірінші ойында 2:6 есебімен жеңілді, одан кейін тай-брейкте екінші сетте 7:6 есебімен басым түсті, ал ойынның финалдық бөлігінде 2:2 есебімен Швентек жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.
Елена Рыбакина мансабында алғаш рет Римде «Мастерстің» жартылай финалына шықты.
«Мен бұл матчтан ештеңе күткен жоқпын және екінші сетте оң жақтан соққыны жақсы сезіп, жақсырақ қимылдай бастағаныма қуаныштымын. Сондықтан жалпы нәтижеге қарамастан, жақсы ойнадым деп ойлаймын. Тағы бір матч өткізетініме қуаныштымын, жартылай финалды асыға күтемін», деді Е.Рыбакина.
Римдегі турнирдің жартылай финалдық кезеңінде Елена Рыбакина әлемнің 20-ракеткасы Елена Остапенкомен (Латвия) кездеседі. Бұл матч 19 мамырда өтеді.

Ұқсас жаңалықтар

Бокс: Қазақстан Азия чемпионатында алғашқы алтынын жеңіп алды

admin_altyalash

Берік Уәли: Құсбегіліктен кем дегенде екі алтыннан үміттіміз

admin_altyalash

Қазақстан ұлттық құрамалары алғаш рет толық спорттық киім жиынтығымен қамтылып жатыр

admin_altyalash