Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Kaspi банк қызметкерлерін кепілдікке алған жігітке жаза тағайындалды

2023 жылғы 20 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, 18 маусым күні Достық көшесінің бойындағы Kaspi bank филиалына кірген А.Мурадов тапаншаға ұқсас затпен қорқытып 7 адамды кепілге алған. Келіссөз жүргізгеннен кейін сағат 16:35-те арнайы жасақ қызметкерлері ғимаратқа шабуыл жасады. Жоспарланған операцияның нәтижесінде 30 жастағы ер адам ұсталып, кепілге алынғандардың барлығы босатылды. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне ҚР ҚК 261-бабы 2-бөлігі «Адамды кепілге алу» бойынша тіркелді.

Ұқсас жаңалықтар

Композитор Қуат Шілдебаевтың «Отан Ана» атты шығармашылық кеші өтті

admin_altyalash

Қарағанды облысында егін жинау жұмыстарының барысымен танысты

admin_altyalash

Олжас Бектенов мұнай-газ секторында елішілік құндылықтың артуын қамтамасыз етуді тапсырды

admin_altyalash