Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Саясат

Энергетика вице-министрі тағайындалды

Үкімет қаулысымен Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов Энергетика вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлады turkystan.kz.

Ерлан Ақкенженов 1979 жылы Алматыда дүниеге келген. «Әділет» жоғары заң мектебін, «Астана» университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2002 жылы жеке ұйымда бас маман болып бастаған.

2004-2012 жылдары мұнай-газ саласында басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2012-2016 жылдары KMG International (Rompetrol) компаниясында бас менеджер, сауда жөніндегі аға басқарушы директор болып жұмыс істеді. 2016-2022 жылдар аралығында коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеген.

2022 жылдың шілдесінен қазіргі уақытқа дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдерінің маркетингі департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Жанкүйерлердің ауызбіршілігі үш елдің достастығын арттырды— Садыр Жапаров

admin_altyalash

Қазақстан мен Қытай басшылары Қытайдағы Қазақстан туризмі жылына орай құттықтау жолдады

admin_altyalash

Сарапшылар президент айтқан бастамалар жөнінде пікір білдірді

admin_altyalash