Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтар

Түркістан облысында 174 ауыл әкімінің заңсыз әрекеті әшкереленді

Түркістан облысында 174 ауыл әкіміне айыппұл салынды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Түркістан облысының прокуратурасының хабарлауынша, облыста 174 ауыл әкімі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 498-бабы (статистиканы қосып жазу және бұрмалау) бойынша 5 млн теңгеге әкімшілік жауапқа тартылды.

Әкімдер ауыл аймақтарда сүт және ет өнімдерін өндіру бойынша көрсеткіштерді «жақсарту» мақсатында статистикалық есептерге қасақана шаруа қожалықтарындағы мал санын қосып жазған, – делінген ақпаратта.

Бұрмаланған есептерді аудан әкімдері жайылымдық жерлерді басқару жобасын түзу және бекіту барысында қолданған.

Қазір бұл статистика прокурорлардың ықпалымен ретке келтіріліп, облыс бойынша нақты қажеттілік 3 есеге, яғни 2,1 миллион гектардан 652 мың гектарға дейін төмендеді.

Одан бөлек, прокурорлық актілердің негізінде қала, аудан әкімдіктерімен бұдан алдын бекітілген мағыналас Жобаларды қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

admin_altyalash

Жасөспірім теннисшілер әлем чемпионатын жеңіспен бастады

admin_altyalash

Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары

admin_altyalash