Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір статусынан айырылуы мүмкін

Назарбаев университеті, Назарбаев Зияткерлік мектептері және Назарбаев қорына қатысты заңдар өзгертілмек деп хабарлады Tengrinews.kz сайты.

Бүгін Сенат депутаттары кейбір заңнамалық актілерге кәсіби біліктілік, мемлекеттік наградалар, әлеуметтік қамсыздандыру және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын мақұлдады. Оны іске асыру үшін бірқатар заңға, оның ішінде «Назарбаев университетінің», «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» және «Назарбаев Қорының» мәртебесі туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

«Мемлекет басшысының дербес білім беру ұйымдарының Жоғары қамқоршылық кеңесін құру жөніндегі өкілетін айқындау бойынша түзетулер көзделген», – делінген Сенат қорытындысында.

Заңның қазіргі редакциясында Жоғарғы Қамқоршылық кеңестің бірінші төрағасы – Нұрсұлтан Назарбаев. Өзгерістерге сәйкес, Президент немесе ол тағайындаған адам жоғары қамқоршылық кеңестің төрағасы болады.

Ұқсас жаңалықтар

Президенттің тапсырмасы бойынша Түркістан облысындағы өртке байланысты Үкіметтік комиссия құрылды

admin_altyalash

Президент Қазақстан Республикасы Судьяларының ІХ съезіне қатысты

admin_altyalash

Астанада дрондар шоуы өтеді

admin_altyalash