Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жаһан жаңалықтарыСпорт

Бензема «Әл-Иттихад» клубында алғашқы голын салды (ВИДЕО)

Фото: ашық дереккөз

2022 жылғы «Алтын доп» сыйлығының иегері Франция құрамасының экс-шабуылшысы Карим Бензема Сауд Арабиясының «Әл-Иттихад» клубына келісімен алғашқы голын салды.

Ол Араб чемпиондары клубтарының кубогы үшін жарыста Тунистің  «Эсперанса» командасымен ойында 55-минутта допты торға тулатты.  Ал матчтың өзі 2:1 есебімен аяқталды. Карим Бензема бірінші голдың салынуына да көмектесті. Ол қорғаушыны алдап, командаласы Абделразак Хамдаллаға әдемі пас берді.

Бензема бұған дейін 14 жыл мадридтік “Реал” үшін өнер көрсеткен.

Дереккөз: Халық үні

Ұқсас жаңалықтар

Шахматты бұқаралық деңгейде дамытуға бағытталған маңызды бастама.

admin_altyalash

«Senat Open 2026» республикалық шахмат турнирі: жаңа өңірлер мен санаттар қосылуда

admin_altyalash

Футбол: «Каспийдің» бас бапкері «Астанаға» ауысты

admin_altyalash