Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарСпорт

Футбол: «Каспийдің» бас бапкері «Астанаға» ауысты

«Каспий» футбол құрамасының бас бапкері Срджан Благожевич «Астана» ФК-мен келісімшартқа отырды. Бұл туралы футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды altyalash.kz mangystaumedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Срджан Благоевич өз елінде әртүрлі клубтарды басқарды, бапкерлік тәжірибесі мол. Бапкердің соңғы жұмыс орны – ақтаулық «Каспий», ол екі маусым бойы жұмыс істеп, мықты команда құра білді», – делінген ресми хабарламада.

Айтуынша, «Астана» ФК бапкермен екі жылға келісімшарт жасаған.

Еске сала кетейік, Срджан Благоевич «Каспий» футбол командасын 2020 жылдың ақпан айынан бастап басқарған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 23 бағыттағы авиарейс субсидияланады

admin_altyalash

Хайме Мунгия Головкинді жекпе-жекке шақырды

admin_altyalash

Патриотизм ауызбіршілікке бастайды

admin_altyalash